Бес жігіт зорлаған: қызға аяусыз қорлық көрсеткендерге сот үкім шығарды

3333
Adyrna.kz Telegram

Оқиға Петропавлдағы демалыс орталықтарының бірінде болған. 17 жастағы қыз бірден бес жасөспірімнің оған көрсеткен зорлық-зомбылық әрекеттері туралы айтты, олардың арасындағы екі жігіт кәмелетке толмаған. Бүгін сот үкім шығарды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Қыздың ата-анасы полицияға 11 маусым күні арыз жазған. Бірнеше күннен кейін полицейлер күдіктілерді қолға түсірді.

Жәбірленуші үшін бұл қиын сынақ болды, өйткені анасының айтуынша, төрт айдан кейін тергеу оны жасына байланысты сараптамадан өтуге жіберген. Жәбірленушінің отбасы халықтан көмек сұрады.

Егер ол 17 емес, 18-де болса, онда бес адам зорлай беруге болады деп қайда жазылған? Топтық зорлау ісіне келгенде бұл  неге біздің заңымызда қалыпты дүние секілді қарайды? ...Ол жігіттердің қыздың қанша жаста екеніне мән бермегені анық, деп жазды желі қолданушылары.

Бұл ретте қыздың жақындары айыпталып жатқан бес жігіттің туыстарынаың тарапынан олардың отбасына қысым жасалып жатқанын айтты. Бүгін 17 мен 20 жас аралығындағы қылмыскерлерге үкім шықты.

Сот төртеуінің алкогольдік мас күйде болғанын түсіндірді, бұл жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп танылды.

Сот олардың үшеуіне кәмелетке толмағандарға педогогикалық қызмет көрсетуге өмір бойы тыйым салып, 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Төртінші жігіт 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Олардың барлығы, бесіншісінен айырмашылығы, жазасын ҚАЖК мекемесінде өтейтін болады, оның жазасын Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Сергей ВИКТОРЕНКО айтты.

Екі жылға кәмелетке толмағандармен педагогикалық және еңбек қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалсын. Кәмелетке толмағандарды асырау жөніндегі орташа тәртіптегі түзеу мекемесінде жазасын өтеуге жіберілсін, – деді сот төрағасы Сергей ВИКТОРЕНКО.

Құқық бұзушылардан қыздың пайдасына судья 10 миллион теңге моральдық шығын өндіруге міндеттеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер