Қазгидромет Қазақстан қалаларының ең лас аймақтарын атады, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.
Ағымдағы жылдың 1 наурызы мен 7 наурызы аралығында мамандар еліміздің ірі қалаларында атмосфералық ауаның сапасын өлшеген. Осы кезеңде келесі белгілер тіркелді:
- Нұр-Сұлтан қаласында ШРК (шекті рұқсат етілген концентрациялар) 786 еседен асты, қала ауасы Байтұрсынов көшесінің учаскелерінде қатты ластанған;
- Алматыда ШРК 367 есе асып кеткен, қаланың ауасы Түрксіб ауданында қатты ластанған;
- Атырау қаласында ШРК-дан асудың 42 жағдайы тіркелді, ауаның ластануы Сырдария көшесі, 3-үй ауданында;
- Қарағанды қаласында ШРК-дан асудың 809 жағдайы тіркелді, қала ауасы 3-ші Кочегарка көшесі (Пришахтинск) ауданында ең көп ластанған;
- Жезқазған қаласында ШРК-дан асудың 178 жағдайы тіркелді, қала ауасы ең көп ластанған М.Жәмилә көшесі, 4Б үй учаскелерінде;
- Өскемен қаласында ШРК-дан асудың 16 жағдайы тіркелді, қаланың ауасы ең көп ластанған Питерских-Коммунаров көшесі ауданында;
- Павлодар қаласында Рұқсат етілген концентрациядан асудың үш жағдайы тіркелді, қала ауасы Каз.Правды көшесінің ауданында қатты ластанған;
- Шымкент қаласында Рұқсат етілген концентрациядан асудың 98 жағдайы тіркелді, қала ауасы ең көп ластанған «Нұрсәт» шағын ауданы аумағында;
- Ақтөбе қаласында Рұқсат етілген концентрациядан асудың 30 жағдайы тіркелді, қала ауасы Рысқұлов көшесінің ауданында барынша ластанған;
- Қызылорда қаласында ШРК-дан асудың 10 жағдайы тіркелді, қала ауасы Берденов көшесінің ауданында ең көп ластанған.
"Ешбір аймақтарда өте жоғары (20 ШРК-дан астам) ластану жағдайлары тіркелген жоқ. Графиктер қалалардағы ластаушы заттардың орташа тәуліктік концентрациясы туралы ақпарат береді", - деп хабарлады Қазгидромет.
"Адырна" ұлттық порталы