8 наурызда кімге, қандай сыйлық берген дұрыс?

3577
Adyrna.kz Telegram

8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі. Бұл мейрамда барша нәзік жандылар ер-азаматтардан, жақындарынан сыйлық дәмететіні сөзсіз. Мейрам жақындап санаңызды «кімге, қандай сыйлық сыйлаймын?» деген сұрақ мазаласа, «Адырна» ұлттық порталы көмектеседі.

Сыйлық беруді анаңыздан бастаңыз. Аналар қандай сыйлық болмасын баласының ақ пейіліне риза болады. Алайда қалтаңызға қарай анаңызға ең қажетті затын сыйлағаныңыз абзал. Одан бөлек, шипажайға жолдама, тұрмысқа қажетті заттар, киім-кешек т.б. Соңғы трендтегі сыйлықтардың бірі – жайнамаз боксы. Гүл сыйлау – міндетті. Ал анаңыз жаныңызда болмаса жеткізу қызметімен құшақ гүліңізді жөнелтуіңізге болады. Енеңіз де сіздің екінші анаңыз. Өз анаңызға не сыйламақшысыз, сол тізімнен енеңіздің талғамына қарай бағалы сыйлық таңдаңыз.

Әйеліңіз мереке мерзімі жақындағанда астарлап не алғысы келетінін айтуы мүмкін. Сол сәтте қағілез болыңыз. Негізгі сыйлық ретінде гүл, киім, сөмке, түрлі аксессуарлар(сағат,сырға,алқа,сақина), әтір берген абзал. Сондай-ақ, жан-жарыңызға романтикалық кешкі ас ұйымдастырсаңыз нұр үстіне, нұр болатыны сөзсіз. Қолына қаражатын беріп «қалаған бутигіңнен киім ал» десеңіз, жұбайыңыз тіптен қуанары хақ. Қымбат сыйлықтарды қалтаңыз көтере алмаса, бір күн бойы әйеліңізге демалыс жариялап, үй жинап, өз қолыңызбен кешкі ас дайындап қуантсаңыз да болады.

Әпкеңіз, сіңілі, қарындасыңызға тәттілерден жасалған бокс сыйлаңыз. Телефон аксессуарын(құлаққап airpods, ұялысына қаптама,қалталы қуаттағыш) сыйлау да, оларға ұнары анық. Бет күтіміне арналған бокс(бьюти бокс), жуынатын гель де ағымдағы жылдың таптырмас дүниесі.

       

Құрбыңызға, дос қызыңызға қызығушылығы бойынша сыйлық сыйлаңыз. Хоббиін білсеңіз, сол ісіне қажетті аксессуар немесе өзге зат. Бірге өткізген естен кетпес естеліктерге толы сәттеріңіз болса, фото-мозаика құрастырып тарту етсеңіз болады. Есімі жазылған білезік, алқа да әдемі сыйлық. Тіпті болмаса, ашық хат пен шоколад сыйласаңыз да досыңыздың көңілінен шығары анық.

 

Оқушы болсаңыз мұғаліміңізге гүлге арналған ваза, кітап, қойын дәптер, тәттілер тола қобдиша сыйлаңыз. Бастысы шынайы көңіл мен ақ пейіл.

Әріптес қызға немесе бастығыңызға ұжымдық естелік ретінде кәдесый, жұмысқа қажетті заттар, фитнеске немесе салонға сертификат бергеніңіз оған деген сыйластығыңыздың белгісі болмақ. Мереке алдында киноға, театрға, түрлі ойын-сауық орталығына апарсаңыз да болады.

Сыйлық беру – кімді болмасын қуантары рас. Десе де, ең бастысы шынайы ниет пен ыстық ықылас.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер