24 ақпанда Украинаға басып кірген Ресей армиясының қатары 11 мыңнан астам сарбаздар мен офицерлерге азайып кетті. Соғыстың он бірінші күні басқыншылар 300-ге жуық танктен, 40-тан астам ұшақтан және 50 тікұшақтан айырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Сондай-ақ украиндық қорғаушылар белгілі бір позицияларды тұрақты ұстап, қарсыласты талқандауды жалғастыруда. Бұл туралы Украина Қарулы Күштерінің Бас штабы өзінің Facebook парақшасында хабарлады.
24.02-ден 06.03-ке дейінгі жаудың жалпы әскери шығындары шамамен:
- жеке құрам - 11 мыңнан астам адам;
- жауынгерлік құрышпен қапталған машина – 985 бірлік;
- автомобиль техникасы - 447;
- танктер - 285;
- артиллериялық жүйелер - 109;
- жанар-жағармай материалдары бар цистерналар - 60;
- дүркін оқ атудың реактивті жүйелері – 50;
- тікұшақтар-48;
- ұшақтар-44;
- әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары - 21;
- жедел-тактикалық деңгейдегі ұшқышсыз ұшатын аппараттар - 4;
- жылдам жүзетін катер - 2.
"Адырна" ұлттық порталы