Ресейдің шаруасы бітті: Visa және Mastercard өз қызметін тоқтатты

4443
Adyrna.kz Telegram

Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелері Ресейде өз қызметін тоқтатқанын хабарлады. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады. 

Visa баспасөз қызметі қазіргі уақытта Ресейдегі барлық транзакцияларды тоқтату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Осы сәттен бастап Visa алдағы күндері барлық Visa транзакцияларын тоқтату мақсатында Ресейдегі клиенттермен және серіктестермен жұмыс істейтін болады. Процесс аяқталғаннан кейін Ресей Федерациясында шығарылған Visa карталарымен басталған барлық транзакциялар енді елден тыс жерде жұмыс істемейді.

Mastercard баспасөз қызметі желілік операцияларды тоқтату туралы шешім Ресейге қарсы санкциялардың енгізілуіне байланысты қабылданғанын атап өтті.

«Бұл шара ресейлік банктер шығарған карталарға Mastercard жүйесі енді қолдау көрсетпейтінін білдіреді», - делінген баспасөз хабарламасында.

Ресейде шығарылған Mastercard карталары жұмыс істемейтіні, ал елден тыс шығарылғандарға Ресей Федерациясының сауда нүктелері мен банкоматтарында қолдау көрсетілмейтіні атап өтілді. Компания Mastercard өз жұмысын «орынды» болғанда және «заңмен рұқсат етілсе» жалғастыруды жоспарлап отырғанын қосты.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер