Жұма намазы уақытында мешітте жарылыс болды

3288
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/03/d7662814-2f14-40a7-8c33-943abf1c2e3b.jpeg
Пәкістанның солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Пешавар қаласындағы мешітте жарылыс болып, шамамен, 30 адам қаза тапты, 50-ден астам адам жараланды. Бұл туралы жергілікті полиция хабарлады. Аймақтағы полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жарылыс Пешавардағы Коча Рисалдар ауданындағы мешітте жұма намазы кезінде болған. Оқиға орнына жеткен құтқару тобы, полиция және қауіпсіздік күштері зардап шеккендерді жақын маңдағы ауруханаға жеткізді. Әзірге шабуыл жасаған қылмыскер немесе қылмыстық топ табылмады.

”Адырна” ұлттық порталы

Комментарии