Қазақ тілі қазіргі қолда бар мүмкіндіктермен дами алмайды. Заңдама да былжыр – нақтылық жоқ. Қолдағы мемлекеттік ресурстар мен тетіктердің өзі әр ведомостыға қарап шашылып жатыр:
- Ақпарат және қоғамдық дамыту министрлігінде - «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы мен Рухани жаңғыру орталығы, осыларға бөлінген қыруар қаржының тиімділігі өз алдына мәселе;
- Білім және ғылым министрлігіне қарайтын Тіл комитеті, Тілбілім институты, «Тілқазына» орталығы, Қазтест жүйесі – бұлардың өзі бір бірімен жүйесіздікте - не тындырады, қалай тындыратыны – тағы мәселе.
Серік Ерғали, лингвист, «Халықаралық Қазақ тілі» қоғамының мүшесі