Марғұлан Сейсембай дағдарыс кезіндегі жасалу керек нақты қадамдарды атады

1279

Достар, соңғы оқиғалар миллиондаған адамдардың жоспарын толығымен бұзды. Ресейдің Украинамен соғысы ТМД кеңістігіндегі ең басты жаңалық боп тұр. Тек ТМД-да ғана емес.

Бүкіл әлемде, өйткені бұл жағдай бүкіл әлеммен ядролық қақтығысқа ұласуы мүмкін. Бұл жағдайда қандай да бір бизнес туралы айту мүлдем орынсыз екені анық.

Алайда, менің ойымша, мұндай жағдайда да ойланып, іс-қимыл жоспарын құрып отыру пайдалы болмақ. Әркімнің ешнәрсеге қарамастан қамқорлық танытуы тиіс өз отбасылары бар.

Қандай жағдай болмасын, жасалуы тиіс белгілі бір қадамдарды анықтауға тырысайық.


1. Біріншіден, кез-келген қиындық екі компоненттен тұрады. Сіз басқара алатын және басқара алмайтын нәрседен. Осы арада өзіңіз басқара алатын нәрсеге ғана назар аударыңыз. Бұл сізге бей-жай күйден шығуға және өз сценарийіңізді жақсарту үшін кем дегенде бір нәрсе жасауға көмектеседі.

2. Екіншіден, есіңізде болсын, барлық қате шешімдер эмоционалды күйде болғанда қабылданады. Сондықтан, барынша тынышталыңыз, миыңызды іске қосыңыз да, әрекетке кірісіңіз.

3. Өз ақшаңызға немесе табыс көзіне мұқият болыңыз. Бұл кеңес негізінен қазақстандықтарға қатысты. Барлық ақшаны валютаға айырбастаңыз. Бір бөлігін банкттерден шешіп алып, үйде ұстаған жөн. Кішкене бөлігін айырбастауға және криптада сақтауға болады.

Айырбастайтын не криптада сақтайтындай қаражаты жоқтар, жұмыс туралы ойлануы керек. Жұмыстан шығып қалған жағдайда не істейсіз. Жоспарыңызды алдын-ала дайындаңыз. Ең болмаса, шағын қор жинақтаңыз. Ақшаны қиын-қыстау күндер үшін үнемдеп, жинақтаңыз.

Украиндарға айтарымды айттым. Қазір Украинада бизнес жүргізу туралы айту орынсыз. Онда өмірді сақтап қалу мәселесі тұр. Барлығы майдан үшін - бәрі жеңіс үшін!

Ресейге қайтадан 90-шы жылдар орала ма деп қорқамын. Онда тапшылық, бағаның өсуі, жоғары инфляция және бандитизм орын алуы мүмкін. Мұндай жағдайда өмір сүру мүмкін емес деп айта алмаймын. Бәрі де мүмкін, қандай таңдау жасап жатқаныңызды нақты біліп, түсінуіңіз керек және кез-келген жағдайға дайын болуыңыз керек. Қазір арандатушылыққа бой алдырмау және бұқаралық ақпарат құралдарында таратылғанның бәріне сене бермеу керек. Сын тұрғысынан ойлана біліңіз.

Егер елден кету мүмкіндігі болса, мұны мүмкіндігінше тезірек жасау керек, өйткені шекаралар жабылып, валюта экспорты біртіндеп тоқтай бастады. Ақшаңызды криптаға аударсаңыз, кейін кез-келген елде криптаны сату арқылы өз ақшаңызды қайтара аласыз. Бұл қазір орталық банкті айналып өтіп, ақшаңызды елден шығарудың жалғыз тәсілі.

Енді мен әр постымда осындай жағдайларға қалай бейімделу керектігі туралы кеңестер беріп отырамын. Бастан өткерген дағдарыстар тәжірибесі жетерлік. Рас, соғысты көрмеген едім, мен үшін де бұл дағдарыс бірінші рет орын алып отыр. Сондықтан жазбаларымды назардан тыс қалдырмаңыздар.

Бірден ескертейін, мен барлық ватниктерді және Ресейдің ресми үгіт-насихатына алданған адамдарды бірден банға жіберемін. Мұнда тек жаңа жағдайға қалай бейімделу керектігін түсінгісі келетін сыни ойлау қабілеті бар адамдар ғана.

Марғұлан СЕЙСЕМБАЙ

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket