Алматыда 44 жастағы әйел 14-ші сәбиін дүниеге әкелді

4194
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласының 44 жастағы тұрғыны Елена Бородюк 14-ші сәбиін аман-есен қолына алды. Осылайша олар 7 ұл, 7 қызға ата-ана болып отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Экспресс К сайтына сілтеп.

Данил, Давид, Неля, Андрей, Елена, Павел, Елизавета деп барлық баласының атын тізбектеген көпбалалы ана 14 сәбиін аман-есен дүниеге алып келгеніне қуанышты. Содан болар отбасы мүшелері перзентханадан шығарып алуға жақсы көңіл-күймен келген. Балалары артынан ерген бауырын қызықтап, бетінен сүйіп, еркелетіп жүр.

Шынын айтсам, біз жоспарлап бала туу дегенге мән берген жоқпыз. Жаратушы қанша бала береді, соның бәрін қуана қабыл алдық. Сол себепті бүгінде үлкен отбасыға айналып отырмыз. Бастысы бала-шағамыз теңдей болды. 7 ұл, 7 қыз, дейді Елена.

Видеодан кадр

Батыр ананы босандырып алған Алматы қалалық перинаталдық орталығы дәрігерлерінің айтуынша, сәбидің бойы 55 сантиметр, ал салмағы 4 келіден асады. Қазір ананың да, баланың да денсаулығы бірқалыпты.

"Жоғарғы топтағы қауіп-қатердегі қан кету болғандықтан, бүкіл ұжым болып атсалысып, он төртінші баласын аман-есен дүниеге алып келдік. Қазір бәрі жақсы", деді бас дәрігердің орынбасары Жәмиля Исаева.

Көпбалалы ана балаларының алды үйленіп, әке атануға дайындалып жүргенін де жасырмады. Бастысы деннің саулығы деген ол елдің тыныштығы мен балаларының амандығына тілекші.

Пікірлер