БҰҰ АҚК Украинадағы жағдай бойынша шұғыл түрде пікірталас өткізбекші

3788
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 28 ақпанда БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесі Украинадағы жағдайды жедел талқылауға келісті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Дауыс беру қорытындысы бойынша 29 мемлекет пікірсайысты өткізуге дауыс берді, бес ел қарсы болды, ал 13-і қалыс қалды, деп хабарлайды Reuters.

Бүған дейін Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова БҰҰ Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бастаған Ресей делегациясының Женевадағы АҚК отырысына келуін қамтамасыз ете алмайтынын мәлімдеген болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер