Ресей Қорғаныс министрлігі Ресей авиациясының бүкіл Украинаға үстемдік ететіндігін мәлімдеді

4776

Ресей армиясы Украинаның бүкіл аумағында әуе үстемдігіне қол жеткізді, деп хабарлады Ресей Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі, генерал-майор Игорь Конашенков дүйсенбіде өткен брифингте.

Оның айтуынша, Украинаның Бердянск және Энергодар қалалары бақылауға алынды.

«Жалпы, операция басталғалы бері Ресей Федерациясының Қарулы күштері Украинаның әскери инфрақұрылымының 1114 нысанына соққы берді, - деді Конашенков.

Генерал-майордың мәлімдеуінше, Украина армиясының 31 басқару пункті мен байланыс торабы жойылды.

«314 танк және басқа да броньды жауынгерлік техника, 57 зымырандар, 121 далалық артиллерия мен миномет, 274 арнайы әскери техника жойылды», - деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket