"Жаңа ғана Лукашенкомен сөйлестім" - Зеленский мәлімдеме жасады

3243
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/02/274955888_4714565148669761_900586673083863916_n.jpg
Зеленский мәлімдеме жасады:
"Жаңа ғана Лукашенкомен тілдестік. Оның нәтижесінде келесідей тоқтамға келдік: Украин делегациясы ресейліктермен қандай да бір талап-шартсыз украин-беларусь шекарасында, Припять өзенінің бойында жүздеседі. Лукашенко өз тарапынан, украин делегациясының барыс-келісі мен келіссөз кезінде атыс-шабысты болдырмауды жауапкершілігіне алады. Осы аралықта Беларусь аумағында орналасқан әскери ұшақтар мен тікұшақтар әуеге көтерілмейді".
P.S. Батькадан бәрін күтуге болады, негізі. "Мұрттылар" бір саусағын бүгіп жүреді. Сатқындық жасауы әп-сәтте. Басымыздан өткен)
Думан БЫҚАЙ,
"Адырна" ұлттық порталы
Комментарии