Мұхтар Шаханов журналист Аман Тасығанның Talk like бағдарламасында қонақта болып, өмірі мен шығармашылығына қатысты әңгімелесті. Махаббат тақырыбы, азаматтық позициясы жайлы сөз қозғады.
Ақын өз өлеңін оқи келе Махамбетті Абайдан артық қоятынын тағы бір мәрте атап өтті.
«Абай ұлы тұлға. Бірақ ісі үшін Махамбетті Абайдан жоғары қоям. Басымды кесіп алсаңдар да, айтатыным сол. Махамбет шындық үшін басын берген адам», – деді Шаханов.
Мұхтар Шаханов соңғы кездері дауға айналған тақырып жайлы айтып, Нұрлан Оразалинді Қоразалин деп атамағанын алға тартты.
“Сөзімді бұрмалап жіберіпті. Мен керісінше Оразалин Қоразалин болмады дедім. Тауықалин Шөжалиннің деңгейінде самғады дедім”, – деп атап өтті Шаханов.
http://www.matritca.kz