БЕКБОЛАТ ҚАРЖАН: АҚШ-қа қарсы санкция басталды

1702
Adyrna.kz Telegram

Қытай АҚШ-тың Raytheon Technologies және Lockheed Martin деген соғыс қаруларын жасап шығаратын екі компаниясын санкцияның астына алды.

Бұл қару шығаратын екі алып компания Тайваньды қару жарақпен қамтамасыз еткендіктен, бұл әрекеті Қытайдың ұлттық қауіпсіздігі мен суверенитетіне қауіп төндіреді деп санайды, - деді Қытайдың сыртқы істер министрлігі.

АҚШ-тың бұл екі алып компаниясы 2019 жылдан бері Тайваньға 2.2 миллиард доллардың құнына тең келетін M1A2T маркалы 108 танк, Stinger зенитті зымырандарды ұшыру комплекстерінің 250 данасын, 1240 танктерге қарсы ТОW атты кешендерді, Javelin-нің 409 данасын берген екен.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер