Алматы қаласының қоғамдық белсенділері ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлына үндеу жолдап, қос жыныстылардың, яғни ЛГБТ өкілдерінің наурыз айына жоспарланып отырған шеруіне қарсы шара қолдануын сұрауда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қоғам белсендісі Құдабай Балқыбайұлының айтуынша, аталған топ өкілдерімен күресіп жүргелі үш жыл болған. Олар бас көтеріп 2019-дың 30-тамызында "Конституция" күнінде басқа мақсатпен шеруге шықпақ болған. Белсенділер жиналып, Панфилов ауданы алаңына, Арбатқа іздеп шыққан. Алайда ЛГБТ өкілдерін таба алмады.
"2021 жылы 8-наурызға қарай түрмедегі қыз-келіншектерді қолдау мақсатында шеруге шығамыз деп алдап, діттеген мақсаттарына жеткен болатын. Біз сол кезде алданып қалдық. Кейіннен барлық қалалардағы қарсы топ өкілдерін жинап, Ақтау, Ақтөбе, Қызылорда қалалары оларды қуып шыққан болатын" деді ол.
Белсендінің сөзінше, олар биыл наурыз айында әкімдіктің рұқсатымен шеруге шығуды тағы да жоспарлап отыр. Олардың бұл ісіне:
"Мен үшін бұл биологиялық қарудан ары нәрсе. Басқа ештеңге қарсы болмасам да, мен осы дүние үшін қарсы шыққан болар ем. Біздің намысымыз, арымыз тапталып жатыр. Жерімізде оларды тайраңдатып қою, еркіне жіберу дұрыс емес. Онда ол болашағымызға балта шапқанымыз" деді Құдабай Қаржауов.
мен үшін биологиялық қарудан ары нәрсе, белсенді болмасам да
қаржауов Құдабай Балқыбайұлы