Самат Әбіш пен Асқар Маминге қатысты қылмыстық іс қозғалды ма? - IІM жауап берді

26223
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбішке, экс-премьер-министр Асқар Маминге және Павлодар облысының Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке қатысты іс жүргізіліп жатпағаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Orda.kz хабарлауынша, олар «Қаңтар оқиғасынан» кейін құқық қорғау органдарына бұрынғы басшылардың тарапына іс жүргізіліп не жүргізілмей жатқандығын анықтау мақсатында хат жолдаған.

«Ішкі істер органдарында сіздер сұраған азаматтарға қатысты ешқандай іс жүргізіліп жатқан жоқ», – деп жазылған ІІМ жауабында.

Ал ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да лауазымды тұлғаларды тергеу жұмыстарын ҰҚК өзі жүргізуде. Олар мемлекетке опасыздық жасады, билікті басып алуға талпынды деген күдікке ілінген.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер