Назарбаев әулетін байытқан "Қазақстан Даму банкі" түбегейлі реформаланады

4056
Adyrna.kz Telegram

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов «Қазақстанның Даму банкі» АҚ қызметін реформалау мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Реформалар ҚДБ еліміз үшін стратегиялық және экономикалық маңызы бар, өтелу мерзімі ұзақ ауқымды әрі капиталды көп қажет ететін инвестициялық жобаларды, сондай-ақ индустриялық өндірістерді қаржыландыруға көбірек бағдарланады деп жоспарланып отыр.

«ҚДБ жаңа өндіріс орындарын құру жобаларын қаржыландыруға маңыз беруі тиіс. Қызметтің ашықтығын арттыру, бизнес-процестерді оңтайландыру мен цифрландыру және Банк қызметтерінің қолжетімділігін кеңейту жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыру қажет», — деп атап өтті ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер