18-қараша: Қазақстанда жаңа мейрам пайда болды

3835
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/02/6195d760a5f0d488136219.jpg
Қазақстанда тағы бір мереке күні пайда болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасындағы мерекелер тізіміне қосымша дайындады.  Осылайша, Қазақстандағы мерекелер тізбесі 43-1-тармақпен толықтырылсын деп жоспарлануда.  Ұлы көш күні 18 қараша атап өтіледі. Түсіндірілгендей, бұл толықтыру Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021жылы 16 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында берген тапсырмасы аясында жасалған. Құжат жобасы 3 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии