Қырғыз депутаты ашулы: "Балаларым қазақ тілінде сөйлеп кетті"

5214
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстанның Жоғорғы Кенешінің депутаты Нұржігіт Қадырбеков Балапан арнасының кесірінен қыздарының қазақша сөйлейтініне шағымданды.

«Депутат Нұржігіт Қадырбеков қыздарының қазақша сөйлей бастағанын айтып шағымданды. Бұл туралы ол бүгін, 17 ақпанда Жоғорғы Кенеш отырысында айтты. Оның айтуынша, қыздары қазақ тілінде ғана хабар тарататын «Балапан» арнасын көріп, қазақ тілін тез үйреніп алған», - делінген бейсенбі күні тараған хабарламада.

Ол Қырғызстандағы жергілікті балалар телеарнасын да сынға алды. «Біздің «Баластан» арнасы жартысы орыс тілінде хабар таратады. Сондықтан балалар мемлекеттік тілді меңгеруі үшін арнаны толығымен қырғыз тіліне аудару қажет», - деді Қадырбеков.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не трогайте больные суставы! Просто перед сном смажьте обычным...
Пікірлер