Боқаевтың жаңа партиясы: Жастарға зауыт, тәуелсіз сот жүйесі, сапалы білім

2739
Adyrna.kz Telegram

Санжар Боқаев “Намыс” атты жаңа партия құрды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Партияны таныстырып, оның алдағы мақсатымен бөлісті.

Намыс - цифрлық, саяси партия, оның басты қозғаушы күші қазіргі заманғы, озық қазақстандық жастар.

Намыс партиясының басты құндылығы-адам.

Біздің барлық азаматтарымыз-елдің басты капиталы болып табылса, ал құқық пен бостандық, әрбір адамның - ең жоғары құндылығы.

Партия миссиясы-адамдар үшін мемлекет құру.

Бұл әділдікке негізделген, басшылығында әдепті, адал адамдар бар мүлдем жаңа Қазақстан болады.

Бірінші қадам -адал, тәуелсіз, сот жүйесін құру.

Сонымен бірге құқық қорғау жүйесінде реформалар жүргізу.

Онсыз жаңа қоғамдық келісім мен әділ қоғам құру мүмкін емес.

Екінші. Сыбайлас жемқорлыққа ымырасыз соғыс жариялау.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуелсіз әрі ақылды топ құру. Елге халықтың ақшасына сатып алынған барлық шетелдік активтерді қайтару.

Үшінші. Тиімділігін арттыра отырып, мемлекеттік аппаратты қысқарту.

Мемлекеттік басқару жүйесіндегі кадр саясатын толығымен өзгерту.

Төртінші. Қоғамға сапалы білім мен лайықты медицина.

Бесінші. Жастарға арналған зауыттар.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер