Екібастұзға жаңашыл басшылар қажет!

1618

Осыдан екі жыл бұрын Екібастұз өңірінің білім саласы былыққа белшесінен батқаны белгілі. Әсіресе есеп-қисап саласында дау-дамай көбейіп, мұғалімдер жалақысын уақытылы ала алмағандықтан, бөлімнің «атақ-даңқы» жұртқа жайылып, ақпараттық сайттардан түспей қойған.

Қазіргі уақытта былыққан шаруа реттеліп, есеп-қисап саласындағы жұмыс жүйелі қалыпқа түсті. Енді жұртты алаңдатып отырған бір жайт бар. Таяуда бөлімде басшы орынбасарының орны босады. Білуімізше, осы орынға үміткерлер арасында конкурс жарияланған көрінеді.

Конурсқа қатысуға білім бөлімінің бұрынғы «атышулы» басшысы Жазира Хамзабаева өтінім беріп, әңгімелесуге қатысқалы жатқан көрінеді. Басшы болған кезінде екібастұздық мұғалімдерді жарылқап жарытпаған Хамзабаева орынбасар болып жарылқайды дегенге кім сенер? Басшы демалысқа кетсе немесе ауырып қалса жұмысқа ие болатын адам орынбасар емес пе?!

Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы Екібастұздың білім саласында бұған дейін орын алған (Ж.Хамзабаева басшы болған кездегі) келеңсіздіктерді назарға алуы тиіс деп есептейміз. Егер басшылар бұдан екі жыл бұрынғы былықтарды ұмытып қалса, естеріне салып қояйық деп төменде біраз уақыт бұрын жарияланған мақалалар тізімін ұсынғанды жөн көрдік:

1. «Хамзабаева ханым Жамбыл Жабаевты білмей ме?». Абай.кз порталы. https://abai.kz/post/99911

2. «Екібастұздың білім саласын облыс әкімі өз бақылауына алсын!». Абай.кз порталы. https://abai.kz/post/105088

3. «Екібастұз қалалық білім бөлімі мұғалімдерге 120 млн теңге қарыз». Абай.кз. https://www.abai.kz/post/105655

4. Адырна.кз порталы. «Мұғалімдер еңбегінің ақысын қашан алады?». «Адырна» порталы. https://adyrna.kz/post/39170

5. «Екібастұздағы он бес мыңның «жыры», https://adyrna.kz/post/40187

6. «Хамзабаеваның қудалаудан қолы тимей жүр!». Адырна.кз порталы. https://adyrna.kz/post/42094

7. «Еңбек демалысымды қашан аламын?». Адырна.кз порталы. https://adyrna.kz/post/41687

8. «Алты мектептің айыппұлына кім кінәлі?». Ұлт.кз порталы. https://ult.kz/post/alty-mekteptin-ayyppulyna-kim-kinali

9. «Қазақ қыздар гимназиясы 27 жыл бойы ғимаратсыз отыр!». Абай.кз порталы. https://abai.kz/post/118168

10. Педагог мәртебесі: Аймағамбетов кітапханашыларды ұмытып кеткен бе?

Екібастұзда мектеп кітапханашылары таксимен оқулық тасып жүр. Мәлім.кз. http://malim.kz/7047/

11. tengrinews.kz. Учителя остались без зарплаты из-за долгов по налогам в Экибастузе. https://tengrinews.kz/news/uchitelya-ostalis-zarplatyi-iz-za-dolgov-nalogam-ekibastuze-413844/

Ардақ ИМАНМӘЛІК,

Павлодар облысы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket