Ташкенттегі жойқын жарылыстар: ондаған адамның қазасы

3505
Adyrna.kz Telegram

23 жыл бұрын, 1999 жылы 16 ақпанда таңертең Ташкентте бір сағаттың ішінде қуатты жарылыстардың тұтас сериясы болды. 

«Искра» кинотеатрында, Тәуелсіздік алаңында, Өзбекстан Ұлттық банкінің бас кеңсесінде, Министрлер кабинетінің ғимаратында, Ұлттық қауіпсіздік қызметінің (қазіргі Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі), Өзбекстан президентінің Дүрмен резиденциясында жарылыстар болды.

Ресми мәлімет бойынша, 13 адам қаза тауып, 100-ден астамы жараланған. Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримов сол күні бұл шабуылды "өміріне қастандық жасау" деп атады және бұл оқиғаға діни экстремистерді айыптады. Артынша жарылысты Өзбекстан Ислам Қозғалысы жасағаны белгілі болды. Олар елде заңды өзгертіп, халифат жарияламақ болған.

23 жыл өткен соң ресми Ташкент лаңкестікке жол жоқтығын баса айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер