Қазақстан байларының Сейшел мен Кайман аралдарына ақша аударуы көбейді

2469
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық инвесторлардың шетелге тікелей инвестициясы 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында 1,5 млрд АҚШ долларына жетті. 2020 жылдың 12 айында көрсеткіш 1,4 млрд АҚШ долларына жетті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Naryk.kz сайтына сілтеме жасап.  

Осылайша, тоғыз айдың көрсеткіші бойынша өсім 35,8% болды.

Қазақстандық инвесторлардың шетелге тікелей инвестициясының 1 млрд доллары қаржы және сақтандыру қызметіне тиесілі. Одан кейінгі орында кәсіби және ғылыми техникалық қызмет(117,4 млн доллар) және үй шаруашылығы мен тұтыну тауарлары өндірісі (96,7 млн доллар).

Ақша аударымдарының ішінде басым бөлігі офшор елдері. Былтыр алғашқы тоғыз айда ең көп Кайман аралдарына 637,5 млн доллар аударылды. Бұл елге аударылған ақша көлемі бір жылда 3 есе көбейді.

Артынша Ресей (253,1 млн доллар), үшінші орында да офшор - Сейшел аралдары(176,6 млн доллар).

Айта кетерлігі, аударылған инвестиция былтыр үшінші тоқсанда аударылды. Оған дейін қазақстандық инвесторлар Сейшел аралдарына ақша аудара қоймайтын.

Есесіне Кайман аралдарына инвестиция тұрақты көбейіп барады. Кайман аралдарының үлесі 2011 жылы жалпы шетелге аударылған тікелей инвестицияның 0,1%-ын құраса, 2020 жылы көрсеткіш 23,3% болды. Ал 2021 жылдың тоғыз айында 42,2% болды.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер