ӘБДІРАШИТ БӘКІРҰЛЫ: Арабтар не берді бізге - қазақты іштей ыдыратқаннан басқа?…

7551
Adyrna.kz Telegram

Нұргелді Әбдіғани осы мәселе төңіргегінде алаңдаушылық білдіріпті. Ол да дұрыс шығар, осыған дейін Ресейдің шаласауатты саясаткерлері мен депутаттары Қазақстанға қатысты біраз сөздер айтып, бізді ренжіткен болатын. Оның үстіне "санкция" деген де Ресейді алқымнан алып тұр... Бірақ, бізді толғандыратын Ресей емес, қазақ мәселесі. Сондықтан, осы ойымды ортаға салдым. Біреуге жағар, біреуге жақпас - өз ойым.

........Тоқаевқа қазір нейрохирург сияқты өте дәл қадамдар жасауы керек... Бұрынғы жүйенің, тікелей Назарбаевтың "қытайлық 51 зауыт" дейтіндей капитуляциялық жобасын (ұлттық мүддені сату жобасын) болдырмаудың бір амалы да осы...

Қалай дегенмен де, ҚР Президенті миграциялық демографияны бақылап отырғаны анық. Мысалы, Ресейге оқуға не жұмысқа кеткен жастардың көбі кері оралмай жатқан кезде, ресейлік орыстар баяғыдай "Қазақ жеріне жаппай көшеді" деу шындыққа жатпайды...
Ал Ресей ЖОО орындарында әр саладағы нақты инженерлер даярлайтын білім беру жүйесі әлі де жоғары деңгейде. Оның үстіне, дарынды қазақ жастарының көбі алыс шетелге оқуға бара алмай, өз елімізде ортабақай оқу орнын бітіріп, жұмыссыз жүр... Және, біздегі білімнің төмен екендігімен қоса, мамандықты өндіріспен байланыстыра даярлау жоққа тән. Өндіріс базасы жоқ білім еш пайда әкелмеуде.

Осы уақытқа дейін "Болашақпен" алыс-жақын шет елдерде оқып келген жастардың елге қайтарымы (КПД) тіптен төмен болды. Көбі қайтадан шет елге кетіп қалды. Себебі, елімізде жоғарытехнологиялық өндіріс саусақпен санарлық қана. Әрі, ондай өндірістер ТрансҰлттық корпорациялардың ықпалында қалып отыр. (Қытай және т.б.). Олар қазақ жастарын оқытуға, жұмысшылардың біліктілігін арттыруға еш мүдделі емес. Себебі, олардың жүргізіп отырған экономикалық экспансиясы мұны қолдамайды. Әсіресе, оны Қытай қолдамайды. Еуропа да, АҚШ та солай...

Ал, қазақ жағының Ресеймен бірігіп ашқан өндірістерде көбіне қазақтардың жұмыс жасауына Ресей тарапы аса мүдделі. Өйткені, оған Ресейден ағылып келіп жатқан адамдар жоқ. Оған қоса айтарым, Ресей өздері оқытып шығарған білікті жұмысшылар мен мамандардың жалақысын ҚР-да (ашылған өндірісте) дискриминацияламайды. Керісінше, ол қазақстандық жұмысшылардың авангардқа айналып, Қазақстанда белгілі бір сала бойынша Жұмысшылар қатарының қалыптасуына ықпал
етеді (Ресей де, ҚР да соған мүдделі).

Бұл оң өзгерістер көп ұзамай құрылыс саласында да, құрылыс материалдарын өндіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, кейбір жоғары технологиялық салаларда анық көрініс таба бастайтын болады.

Шынын айтсақ, Қазақстан өзінің экономикалық тәуелсііздігіне және азық түлік қауіпсіздігіне қол жеткізбеген мемлекет қатарына жатады. Өндіріс жоқтың қасы...

Сондықтан Қазақ халқы "Маған бірден аспандағы айды алып бер" деп білегін сыбанбай, алдымен соған сай болатын кадрларын көбейтіп, олар неше түрлі тауар өндірістерін ашып, ішкі нарықты тауарға толтыруға қызмет ете бастаса - Қазақстан капиталы да Қазақстан экономикасына жұмыс істей бастайды.
Мысалы, ағаштан жасалатын өндіріс саласында бізге пайда әкелетін Ресейден басқа өңір жоқ. Ал, Ресей станоктары жасайтын өнімдер де әлі де болса елдің тұрмыс жағдайын көтеруге өте қабілетті.
Бұл, қазақ тілін жоғалту не тәуелсіздікті жоғалту емес... Ол мәселе өзімізге байланысты. Күні кеше ел тәуелсіздігіне өзгелер емес, өз қазағың шабуыл жасады емес пе? (Бұрынғы кландық-коррупциялық жүйе тарапынан).

Сондықтан, Ресеймен қатынас орната отырып, Батыс елдерінде білім алған жастарымыз Ресейде оқып келгендермен өзара бәсекеге түсетін болады. Бұл бәсекеде "алыс шетелдіктер" ағылшын тілін мың жерден білсе де, жеңіліс табады деп ойлаймын. Себебі, Батыс бізге тіптен өзінің ескірген технологиясын беруге мүдделі емес. Өздері келіп жұмыс жасағысы келеді, сөйтіп, қазақтың несібесінен көп пайда тапсақ деп ойлайды. Сондықтан, олардың компаниялары ((Батыс және Қытай) елімізде бір де бір "жұмысшылар мен мамандарды оқыту комбинаттарын" ашқан жоқ. Олар даяшы мен аспазға дейін өздерімен ала келіп, оларға қазақтан ондаған-жүздеген есе артық жалақы беріп, Қазақстан экономикасының қаражатын қайтадан шетке алып кетумен айналысқаны өтірік емес....
Осының бәрін көріп біліп отырып, "пайдасы жоқ" Батысқа, "қаупі зор Қытайға" жалтақтай беру керекпіз бе? Бізге, алдымен, өз тұрмыс жағдайымызды шұғыл көтеру жолын табу керек. Ол көбіне Ресей жақта екені де анық...

Ал, Батыс ше? Батыс ешқайда көшіп кетпейді. Оқитындарға да шектеу қойылған жоқ...
Егер, болашақта сол жақтан оқып келген мамандар "жаңа өндірістер ашып", жаңа технологиялар әкеліп жатса, өздері ойлап тауып жатса - қуанғаннан басқа не дейміз! Бұл екеуі де бір біріне қайшы келіп жатқан жоқ....

...Ал "орыстанып кетеміз" дегендерге айтарым - ӨЗ ӨЗІҢЕ МЫҚТЫ БОЛ дер едім.
Он миллионға (теңге деп шамаладым) қызың кетті арабқа күні кеше... Сол арабың не берді бізге - қазақты іштей ыдыратқаннан басқа?....

Пікірлер