Алматыдағы «Алтын орда» базарының жабылатыны рас па? - ФАКТЧЕК

3441
Adyrna.kz Telegram

2022 жылдың 26 қаңтарында «Айқын» газетінің сайтында «Алматыдағы «Алтын орда» базары таратылды» деген ақпарат жарияланды (https://stan.kz/almatidagi-altin-orda-bazari-taratildi) Ақпараттың рас-өтірігін бірге тексеріп көрейік.

Мұнда мынадай жолдар бар: «Сот құжатына сәйкес, ЖШС ұзақ уақыт бойы салық заңнамасында көзделген міндеттемелерді орындамаған. Алайда сот отырысына компания өкілі қатысқан жоқ. Осылайша, сот талап арызды қанағаттандыруға шешім қабылдады. pk.adata.kz. ақпараты бойынша «Алтын Орда базары» ЖШС 2022 жылдың 24 қаңтарында таратылды».

 Үкім: Манипуляция және кликбейт

«Алтын орда» базары Алматы облысының аумағында орналасқан. Бірақ Алматы қаласын азық-түлікпен, ет-сүт өнімдерімен қамтамасыз ететін ең ірі сауда орталығы. Әрі еліміздің басқа өңірлеріне де тауар жіберіледі.

Бұл жерде манипуляция белгісі бар. Тақырыпта кликбейт әдісі пайдаланылған. «Алтын орда» базары таратылды дегеннен кейін оқырман базар тарады деп түсінетіні анық. Ал шын мәнінде базар иесі саналатын серіктестік тараған. Ал базар жұмыс істеп тұр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер