Смайылов пен Мирзиеев жалпы сомасы $661 млн құрайтын құжаттарға қол қойды

3480
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/02/1.jpg
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Өзбекстанға жұмыс сапары аясында ӨР Президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесіп, ӨР Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
- 2021 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі 33%-ға артып, $4,3 млрд құрады. Таяу жылдары аталған көрсеткішті $5 млрд-қа дейін ұлғайтып, орта мерзімді перспективада $10 млрд-қа жеткізу жоспарда бар. Қазақстан мен Өзбекстанда 3 мыңға жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Қазақстан мен Өзбекстанда 3 мыңға жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Автомобиль жасауда, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінде және тоқыма саласында 5 бірлескен жоба іске асырылып жатыр. Құрылыс индустриясы мен машина жасауда $365 млн жуық сомаға 7 жоба пысықталуда, - делінген хабарламада.
Екі елдің іскер топтарының өкілдері машина жасау, АӨК және логистика салаларында жалпы сомасы $661 млн құрайтын бірқатар коммерциялық құжатқа қол қойды.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии