Қырық мысал - қырық мақал

3486
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/02/whatsapp-image-2022-02-10-at-17.51.57.jpeg
Биыл Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы республика көлемінде аталып өтілуде. Бүгін Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының @kuyrshak.shymkent ұйымдастырумен «Shymkent Plaza» ойынсауық орталығында «Қырық мысал-қырық мақал» көшпелі әдеби тіл керуені өтті. Ескі мақал-мәтелдер-тарих қатпарында жатқан көненің көзі, халықтың көркем ойын айшықтайтын фольклор. Бүгінге дейін сол ескі мақал-мәтелдердің, жаңылтпаштардың бір бөлігі қаз қалпында жетсе, енді бірі күңгірттеніп ұмыт қалғандай. Осы орайда, іс-шарада ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі - мақал-мәтел мен жас ұрпақтың тілін ұстартып, әртүрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатында жаңылтпаш жарысы ұйымдастырылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии