“Қазақ күресі” Мәсімовтың орнына жаңа президентті таңдады

3058
Adyrna.kz Telegram

Qazaq kuresi ұлттық күрес қауымдастығының жаңа президенті болып Самат Ерғалиев тағайындалды. Құрылтайшылар мәдениет және спорт министрлігі спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы жақсы төраға болатынына сенім білдіріп, бір ауыздан сайлау жүргізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Орда.кз сайтына сілтеме жасап.

Айта кетсек, Самат Ерғалиев – еркін күрестен спорт шебері. Оның «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» Мемлекет басшысының алғыс хаттары бар.

Qazaq kuresi қауымдастығы 2020 жылы қаңтарда құрылды. Оның құрамында Республикалық қазақ күресі федерациясы, Қазақ күресі халықаралық федерациясы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы бар.

Қауымдастықтың мақсаты – ұлттық спорт түрін республикалық және халықаралық аренада дамытып, Олимпиада бағдарламасына енгізу.

Еске салсақ, бұған дейін оны бұрынғы ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов басқарған.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Пікірлер