Қазақстандық жұлдыздар қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жазаға тартылмақ

1132

Ішкі істер министрлігі қаржылық пирамидаларды жарнамалағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынып отыр. Ведомство бұл жөнінде прокуратураға ұсыныс жолдап үлгерді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, өткен жылдың өзінде мұндай ұйымдардан 30 мың адам зардап шекті – олар 54 миллиард теңге жоғалтқан.

«Әйгілі қазақстандық блогерлер, актерлар, әншілер мен спортшылар ештеңе жасамай-ақ ақша табуға және үнемдеуді көбейтуге жиі шақырады. Кейін полицияға зардап шеккендер келіп алданып қалғанын, миллиондарын жоғалтқанын түсіндіреді, соның ішінде осындай сенімді жарнамалар арқылы біліп қатысқандарын айтатындары қаншама. Бірақ қазір финпирамида жарнамасы жұлдыздарға қауіп төндірмейді», - делінген әңгімеде.

Сондай-ақ, алаяқтардың қылмыстық жауапкершілікке тартылуының статистикалық мәліметтері берілген. Олардың барлығы 126 адам. 38-і сотталды, қалған процесстер жалғасуда. Олардың арасында Guarantor 24 Lombard ұйымының ұйымдастырушылары (17 000 құрбан) бар. «L-Capital» пирамидасының екі басшысы да сотты күтіп отыр: оларда 260 миллион теңгеге 300 құрбан бар. evolution corp. ұйымының келтірген зардабы 3 млрд. Бұл қаржы пирамидасының барлық мүлкі тәркіленіп, зардап шеккендердің  жолы болды. Көбінесе ақшасы бар алаяқтарды табу қиынға соғады, өйткені барлығы шетелге ағылуда, дейді әңгімеде.

«Қабылданған шаралармен жылжымалы және жылжымайтын мүлік, оның ішінде 60 көлік, төрт пәтер, бес жер телімі, 31 жеке тұрғын үй тәркіленді. Іс сотта қаралуда. Қаржы пирамидаларының қызметіне бұл үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленді», - деді ҚР ІІМ тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket