"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы, Түркияда докторантурада білім алып жатқан ақын, әнші Ержан Жұмабекұлының әні мен сөзіне (қазақша-түрікше) жазылған, автордың өз орындауындағы «Чемпион-Şampiyon» атты жаңа туындысы желіде елді шулатты. Ержан Жұмабекұлының бұған дейінгі де қазақ-түрікше әндері жұрттың көңілінен шығып жүр. Қазіргі таңда қазақша-түрікше әндерді бірге орындауға және қазақша, түрікше сөз жазып беруге ұсыныс айтушылар көбею үстінде. Бұл еліміздегі ән өнерінің тың бағыты екеніне көз жеткізеді.
Ютуб: Ержан Жұмабекұлы
Фейсбук: Ержан Жұмабекұлы
Инстаграм: Yerzhan_Zhumabekuly
Әнді төмендегі сілтеме арқылы тыңдай аласыздар!