Депутат қымбат ипподром құрылысына қарсы шығып, қудалауға ұшырады

1925
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Владислав Сергеев елордада 6,5 миллиард теңгеге мүгедек балаларға арналған ипподром салуға қарсы болғаны үшін қысымға ұшырады. Бұл туралы оның жұбайы Анна Жижко мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

BaigeNews.kz мәлімдеуінше, ол өзінің Facebook парақшасында Владислав Сергеевтің бюджеттік комиссияның төрағасы бола тұра құрылысқа қарсы дауыс бергенін,  өйткені ол осы объектіге мәлімделген соманы тым жоғары деп тапқанын хабарлады.

"Өйткені, бұл қомақты қаражатқа мүгедек балаларға арналған медициналық, оңалту орталықтарын ашуға, жаңа инватакси, қажетті жабдықтар сатып алуға және көптеген проблемаларды кешенді шешуге болады. Ол депутат ретінде мәслихат сессиясында ипподром құрылысына осындай қыруар 6 500 000 000 теңгенің бөлінуіне қарсы дауыс беруден қорықпады. Бір аптадан бері отбасымызға өтірік, жала жауып келген көп балалы аналар тобының негізсіз шабуылының құрбаны болды», - деп жазады Анна Ижко.

Оның айтуынша, қазір көпбалалы аналар әкімдікке және қалалық партия филиалына хат жазып, Сергеевті қалалық мәслихаттың бюджет комиссиясының төрағасы қызметінен босатуды талап етіп отыр.

"Сонымен қатар қалалық партиялық бақылау комиссиясы өз партияластарын қорғаудың орнына керемет жеделділік танытады, «бей-жай қарамайтын» партиялықтар айтқандай, олар осы мәселені оның қатысуынсыз онлайн түрде қарайды және бұл мәселені мәслихат пен тәртіптік комиссия отырысында әрі қарай қарастыруға ұсыныс жасауы мүмкін. Менің ойымша, ендігі кезекте оны бюджет комиссиясының төрағасы қызметінен алып тастап,  депутаттық мандаттан айырады", - деді Владислав Сергеевтің жұбайы.

Ол халық қаражатын тиімді жұмсауды жақтаған депутат «мақсатты қудалау мен өтіріктің құрбаны болуы мүмкін» деп қауіптеніп, көпшіліктің қолдауына жүгініп отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер