Әлеуметтік желіде Firstbandkz тобы Қазақстандағы "Қаңтар қасіретіне" арналған “Qañtar Änūrany” атты әндерін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
– Қаңтар оқиғасы бүкіл елге әсер етті және ешкім шетте қалмады. Бұл жағдай әрбір қазақстандықты дүр сілкіндірді және мұндай жағдайдың орын алуы ешкімнің ойына да келмеген. Бұл белгілі бір дәрежеде өтініштер мен жалпы әлеуметтік шиеленістерді елемеу, жылдар бойы жиналған үнсіздік пен шыдамдылықтан туған бұлқыныс. Ең өкініштісі, жазықсыз адамдардың өмірі әрқашан өзгерістер үшін құрбан болады және біз бұл трагедия жаңаша ойлауға, дамуға, жақсы өзгерістерге серпін болады деп сенеміз, – деп жазды Firstbandkz тобының мүшелері инстаграмдағы видеоның астына.
"Адырна" ұлттық порталы