Лукашенко Беларусь пен Қазақстандағы наразылық акцияларын салыстырды

1841
Adyrna.kz Telegram

Беларусь Президенті Александр Лукашенко 2020 жылы наразылық акциясына қатысушыларын өз еркімен жібермей, жол берілмегенін айтты, әйтпесе Қазақстандағыдай жағдай орын алар еді, деп хабарлады Лукашенко. Бұл туралы  "Адырна" ұлттық порталы жазады. 

Білесіз бе, бәріне бірдей толқын келді... Бұл олардың бізден асып түскен жалғыз сәті еді. Барлық жерде зорлық-зомбылық, бет-жүзі бүлінген,  қан ағып жатыр - бұқаның қаны, фотосуреттер. Айнала толған фейк, одан бөлек, біреудің бетін аямай ұрып жіберді, бұл жеткіліксіз. Мұны көрсету керек болды: ақ жейдеде қан болды. Бұл оп-оңай, егер қаласаңыз, мұның қалай жасалғанын айта аламыз, бірақ сіз мұны маған қарағанда әлдеқайда жақсы білесіз. Сондықтан олар осы зорлық - зомбылығымен бізден асып түсті,-деді Лукашенко Владимир Соловьевке "Соловьев Live" YouTube арнасына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, кейін құқық қорғау органдарының басшылығы кешірім сұрады, алайда бұл әрекет онымен келісілмеген.

Ешнәрсені мойынға алудың қажеті жоқ, егер сен кінәлі болмасаң керек емес және оларға жол берудің де қажеті жоқ, өйткені дәл Қазақстандағыдай болар еді, - деп мәлімдеді Лукашенко.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер