Шавкат Рахмонов UFC- дегі үшінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады (ВИДЕО)

4853
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/02/shavkat.jpg
Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (14-0) Ultimate Fighting Championship (UFC) аясындағы үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Ол Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC Vegas 47 турнирінде Шавкат Гайана өкілі Карлстон Харриспен (17-4) жекпе-жекке шығып, үш раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундта аяқталды. Осылайша Шавкат Рахмонов Номад UFC-дегі үшінші, ал ММА-да 15-ші жеңісіне қол жеткізді. Оның үстіне қазақстандық ойыншы барлық кездесулерін мерзімінен бұрын аяқтады.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии