Әлия Назарбаева электронды т/ж билетіне комиссияны көтеруден бас тартты

2350
Adyrna.kz Telegram

Әлия Назарбаеваға тиесілі "Инстант Пейментс" ЖШС 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап агрегатор компаниялар үшін электронды т/ж билетіне комиссияны көтеруден бас тартты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Orda.kz порталы электронды т/ж билеттерін сататын агрегатор компанияларға Instant Payments-тен ресми хат келгенін, онда компания комиссияны 67 теңгеге дейін көтермеу туралы шешім қабылдағанын айтты. Бұрыңғы бағасы-44,8 теңгемен қалды.

Агрегаторлар үшін комиссияның өсуі жолаушыларға әсер етуі мүмкін, өйткені пойыз билеттерінің құны артады.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер