Тоқаев: Екі мерзімнен артық президенттік сайлауға түспеймін

4402
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/61f5089c0856a889915373.jpg
Мемлекет басшысы Заңды, Конституцияны өзгертпеуге уәде берді. Сондай-ақ елді Конституцияға сәйкес екі мерзімнен артық басқармайтынын жеткізді. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
- Қоғамның саяси трансформациясымен де, экономикалық қайта құрулармен де бір мезгілде айналысу керек. Бұл – менің миссиям. Қалай болғанда да, мен қанша уақыт Қазақстан Президенті болатынымды білмеймін. Бірақ, Конституцияға сәйкес, екі мерзімнен артық болмайтынымды нақты білемін. Заңдарды, әсіресе, Конституцияны өзгертпеймін, – деп уәде берді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии