Home » Жаңалықтар » Жастарға арналған телеарна эфирге шықты

Жастарға арналған телеарна эфирге шықты

Орталық коммуникациялық қызметінде «J1-JASTAR1» жастарға арналған жаңа телевизиялық арнаның тұсаукесері өтті.

«J1-Jastar1» телеарнасы — жастардың талаптарына сай заманауи телевизиялық трендтерді тарататын, жастардың жобаларын, ой-пікірлерін қолдауға, сонымен қатар олардың арасындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған жаңа форматтағы арна. Телеарна 2018 жылдың 28 наурызында ID TV платформасында, Ютуб пен Инстаграм әлеуметтік желілерінде іске қосылды. Болашақта «Отау ТВ» кабель жүйесі арқылы тарату жоспарланып отыр. «Осындай телеарна ашуға бір күн емес, біршама уақыт дайындалдық. Жастар арнасын ашуға не себеп болды? Елімізде жастармен бірге жұмыс істейтін арнайы телеарнаның жоқтығын байқадық. Өзге бағытта да арна ашу жөнінде ойлар болғанымен, жастардың бағытымен бірге болуды шешіп, ақыры жастар арнасын ашуға бел байладық. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан нарығында көптеген телеарналар бар. Ал шын мәнінде, жастар өзінің ойын жеткізіп, бір-бірімен тіл табыса алатын, көкейіндегі сұрақтарға жауап табал алатын телеарнаның жоқтығы осы арнаны ашуға мұрындық болды. Телеарнаның ең негізгі бағыты — білім, саясат және жастардың тұрмыс-тіршілігі, жастардың ойландырып жүрген мәселелерді қаузау. Бұл жерде жастарға арналған бағдарламамен бірге, фильмдер де болады», — дейді жаңадан ашылған арнаның бас директоры Ілияс Ысқақов. «J1-Jastar1» телеарнасы, ең алдымен, 14-29 жас аралығындағы жастарға бағытталғанымен, оқушылар, студенттер, жас мамандар мен әр түрлі қызмет аясында жұмыс атқаратын жұмыскерлер сынды жас ұрпақтың ойына немқұрайды қарамайтын барлық жандар үшін қызықты болмақ. Арнаның форматы — жастар өміріндегі маңызды әрі қызықты оқиғалар. Телеарнаның контенті өзіндік өндірістері ас үйі, сән мен сұлулықтан бастап шытырман, тылсым оқиғаларға, спортқа, телехикаялар мен әлемдік киноматографияның хиттеріне, әлеуметтік реалити мен отбасылық қарым-қатынас, бақыт, бала тәрбиелеу мен денсаулық туралы бағдарламалардан тұрады. «Телеарнаға жеке инвесторлар ақшасын салады. Арна рейтингі жоғары әрі қызықты болуы керек деп есептейміз. Сондықтан, осылайша, демеушілер мен жарнамалар берушілерді тартқымыз келеді», — деді Ілияс Ысқақов.


ҚазАқпарат

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Бала құқықтарын қорғау алдыңғы орында

Семейге ҚР президенті апараты жанынан құрылған арнайы жұмысшы топ келді. Басты мақсат- ШҚО бойынша бала ...