Дарын Тұяқов ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды

2752
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/ba28bfa0-3021-4ebd-b295-a654e7316bd3.jpeg

Мемлекет басшысының өкімімен Дарын Шылбынұлы Тұяқов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Дарын Тұяқов 1969 жылы 25 мамырда Алматы облысында дүниеге келген.   

Білімі:

1990 ж. – Ю. В. Андропов атындағы Ленинград жоғары әскери-саяси ӘҚҚ училищесі.н тәмамдаған.

1997 ж. – Әл-Фараби атындағы ҚазМУ-ды бітірген.

2007 ж. – Халықаралық бизнес академиясын, 2014 ж. – РФ президенті жанындағы ХШжМҚРА-ны «заңгер-құқықтанушы» мамандығы бойынша бітірген.  

Еңбек жолы:

1990-1992 жж. – ӘҚҚ-ның радитехникалық әскерінің жеке радиолокациялық рота командирінің орынбасары.  

1990-1992 жж. – Қазақстан Республикасы әділет министрлігінде жеткеші маман.  

2002-2003 жж. – Алматы қаласындағы «Қазақтелеком» АҚ телеком-кешені дирекциясының заң бөлімі басшысы.  

2003-2004 жж. – Алматы қаласындағы «Қазақтелеком» АҚның корпоративтік сауда дирекциясының заң бөлімі басшысы.  

2005-2009 жж. – Астана қаласы «Астанателекеом» ҚТО коммерциялық директоры- бас директордың орынбасары.  

2009-2012 жж. – Астана қаласы «Қазақтелеком» АҚ басқарма мүшесі-мемлекеттік органдармен жұмыс жөніндегі басқарушы директоры.  

2012-2018 жж. – Астана қаласы «Қазақтелеком» АҚ басқарма мүшесі- бас директор, аппарат жетекшісі.  

2018 жылдың наурызынан – 2019 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасы ақпарат жіне коммуникациялар вице-министрі.

2019 жылдың 6 сәуірінен - Қазақстан Республикасы цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш вице-министрі.

“Адырна” ұлттық порталы

Комментарии