Жаңа Қорғаныс министрі жөнінде не білеміз?

11191
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/izobrazhenie_2022-01-19_153311.png
Руслан Жақсылықов 1966 жылы Алматы облысы, Қаскелең қаласында қарапайым отбасында дүниеге келген, ұлты - қазақ. 1987 жылы И.С.Конев атындағы Алматы жоғары құрама қару-жарақ командалық училищесін бітірген. 1996 жылы М.В. Фрунзе атындағы Әскери академияны бітірген. 2004 жылы Ресей Қарулы Күштері Бас штабының Әскери академиясының Жоғары академиялық курстарын бітірген. Мансап жолы: 2003 жылы 3-шақырылымдағы Шымкент қалалық мәслихатының депутаты болды. 1987 жылдан 2006 жылға дейін - взвод командирінен Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің бөлімше командиріне дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет етті. 2006-2007 жылдары - Ішкі әскерлер қолбасшысының орынбасары. 2007-2008 жылдары - Ішкі әскерлер қолбасшысының бірінші орынбасары - Ішкі әскерлер бас штабының бастығы. 2008 жылдың қыркүйегінен - ​​Ішкі әскерилердің қолбасшысы. 2013 жылдың қаңтарынан - Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің бас қолбасшысы. 2014 жылдың сәуірінен - ​​Ұлттық ұланның бас қолбасшысы. 2021 жылдың қыркүйегінен - ​​Ішкі істер министрінің орынбасары. Ұлттық ұланның бас қолбасшысы.
Комментарии