Бахаридин Әбләзімов «ҚазАзот» АҚ акцияларын Құлыбаевтан сатып алған

11582
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық бизнесмен Бахаридин Әбләзімов «ҚазАзот» АҚ акцияларын Тимур Құлыбаев пен басқа да акционерлерден сатып алған. Мәміле 2021 жылдың 13 желтоқсанында аяқталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұған дейін "ҚазАзот" АҚ акцияларының 50% - ы Тимур Құлыбаевқа тиесілі болған ("Joint Resources"АҚ),  30% акциясы Д.А.Ыдырысовқа, 15% акциясы Б.Н.Аблазимовке, Е.Н.Достыбаевқа 5%-ы берілген.

Мәміле нәтижесінде «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС  Б.Н.Аблазимовты қоспағанда, барлық акционерлердің акцияларын сатып алды.

"Kazakhstan Petrochemical Industries Inc"  компаниясының 57% үлесі Б.Н.Аблазимов мырзаға тиесілі, қалған акциялар компания менеджерлеріне тиесілі.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қаңтарда Бахаридин Әбләзімов «Күшіміз бірлікте» қорына ұжымының атынан 500 млн теңге аударған алғашқы бизнесмендердің бірі болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер