РҮСТЕМ АШЕТАЕВ: Қор қаржысын солтүстікке "Ұлы көшке" бұрайық!

842

Президенттің бастамасымен құрылған "Қазақстан халқына" қорына түскен қаржыларды ең әуелі Солтүстік өңірлерді қазақыландыруға жұмсауды ұсынамын!

Бұған дейін қанша адамның көшіп келетінін тек сол жақтың жергілікті әкімдері шешіп келген. Соғылатын үйлер мен кәсіп ашулары үшін бөлінетін қаржыларды бюджеттен алатын.
Осы қорға түсіп жатқан қаржыларды пайдаланып неге солтүстігімізді қазақтарға толтырып алмасқа?!
Өйткені, солтүстік өңірлерде қазақтардың үлесі 30%-дың айналасында. Әр өңірдегі қазақ санының әртүрлі болуының кесірінен қазақ тілінің де мәселесі толық шешілмей келе жатыр.

Егерде, алдағы 5 жылда солтүстігіміздегі қазақтардың үлесін 70%-ға жеткізе алсақ, онда, қазақ тілінің мәселесі өздігінен шешілер еді. Әрі, солтүстігімізде сепаратизім қауіпінің алдын алып, бір оқпен екі қоянды алар едік.

Солтүстікке көші-қон мәселесін ұйымдастыру бойынша арнайы жұмысшы тобы құрылып жатса, осы бағыттағы жұмыстарда жиған тәжірибеммен бөлісіп, бірлесе жұмыс жасауға әзірмін!

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket