Атырау қаласының әкімі неге қызметінен босатылды?

3021
Adyrna.kz Telegram

Атырау қаласының әкімі  Қайрат Оразбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Атырау қаласы әкімінің міндетін атқарушы болып Жұмабек Қаражанов тағайындалды.

Күні кеше "Ақ Жайық" газеті: "Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевтың қаңтардың қиын күндерінде жұмыс орнында болмауы назардан тыс қалмады. "Атырауда осындай оқиғалар орын алған кезде, әкімде қандай себеп болуы мүмкін?" деген тұрғындарды сауалдар жиі қойды" -деп жазды.

Бұл сауалға қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Нұрислам Ғұмар жауап беріпті. Оның айтуынша, Атырау әкімі 31 желтоқсанда еңбек демалысына шыққан, бірақ 10 қаңтарда жұмысқа қайта қосылуы керек болған. Ал келесі күні әкім денсаулық жағдайына байланысты демалыс алған.

"Енді жұмысқа қашан келетіні белгісіз" -деген ол.

"Адырна" ұлттық порталы.

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер