Энергетика вице-министрі Қарағаев ұсталды

3853
Adyrna.kz Telegram

Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаментінің жедел-тергеу тобы Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевты, электронды сауда алаңдарының басшыларын және сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғаларды ұстады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы, Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Ж.Қарағаевқа қатысты сот қаулысымен тергеу органы таңдап, облыс прокуратурасының қолдауымен екі ай мерзімге «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер