Шымкентте жағдай тұрақты

2146
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен барлық қарулы күштердің басшылары біріктірілген жедел штаб күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Бүгінде Шымкент қаласындағы жағдай тұрақты. Полиция қызметкерлері әскери бөлімдердің күштерімен бірге қала аумағында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Бүгінгі күнге дейін «коменданттық сағатты» бұзғаны үшін 258 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қала шекараларында қойылған 7 блокбекет жұмысын жалғастыруда, онда полицейлер мен әскерилер қызмет атқаруда. Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бері блокбекеттерде 16 мың 893 автокөлік тексерілді.

Барлық қозғалған қылмыстық істер бойынша жаппай тәртіпсіздікке қатысқан 80 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Стратегиялық және әлеуметтік нысандарды күзету күшейтіліп, тұрғындардың тірішілігіне қажетті барлық орындар штаттық режимде жұмыс жасауда.

Осы ретте, қала тұрғындарын өздері мен жақындарының қауіпсіздігі үшін ТЖ режимінің барлық ережесін сақтауға, адам көп жиналатын орындарға бармауға, арандатушылыққа ермеуге, карантин талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер