Мария Агапова Қуат Хамитов туралы: "Енді ол мүгедек"

15786
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/zagruzhennoe-2-1.jpg
UFC-дағы Қазақстанның өкілі Мария Агапова Instagram парақшасында Қуат Хамитовтің ұсталуына қатысты жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Sports.kz"-ке сілтеме жасап.
"Бейбіт митингілерге қатысқаны үшін Қуатты құқық қорғау органдары ұрып-соғып, азаптаған. Енді ол мүгедек. Қуат үшін өте қатты өкінемін, бұл мен үшін ауыр. Оның тезірек сауығып кетуін тілеймін", — деп жазды Агапова.
Бұқаралық ақпарат құралдарында қамауға алынғаннан кейін Хамитов көптеген жарақат алғанын, оның денесінде  соққының басқа да белгілері бар екені туралы ақпарат тарады. Сондай-ақ оның қабырғасының сынып, басының жарақаттанғаны және есте сақтау қабілетінің нашарлағаны туралы да айтылды. Еске салайық, Агапова UFC-ге 5 наурызда оралады, оның қарсыласы атышулы украиналық Мария Мороз болмақ.  

"Адырна" ұлттық порталы.

Комментарии