Ақтауда ер адам 9-қабаттан секіріп, көз жұмды (ВИДЕО)

3558
Adyrna.kz Telegram

Ақтау қаласында ер адам 9-қабаттан секіріп, көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "lada.kz"-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 12 қаңтар күні кешкі сағат 22.00-де болған. Ақтау қалалық полиция басқармасының мәліметінше, ер адам 16-шағын аудандағы "Керемет" тұрғын үй кешенінің 9-қабатынан құлаған.

"Аталмыш дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес, Ақтау қалалық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Кісі өліміне байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды", — деп жазылған полиция хабарламасында.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер