"Каспидің" 19 қаладағы бөлімшелері жұмысын қайта бастады

1898
Adyrna.kz Telegram

Kaspi.kz бүкіл Қазақстан бойынша бөлімшелерін іске қосу жұмысын жалғастыруда. Бүгінде 19 қалада 107 Kaspi.kz бөлімшесінің 63-і ашылған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Kaspi.kz командасы бүкіл ел бойынша бөлімшелерінің жұмысын жылдам қалпына келтіруде. Алматыдағы бөлімшелеріміз бен банкоматтарымыз басқаларға қарағанда көп зиян шеккеніне қарамастан, біз мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы өтініш жасамаймыз", — деді Kaspi.kz басшысы және тең құрылтайшысы Михаил Ломтадзе.

"Біздің басты мақсатымыз - клиенттерімізге ыңғайлы болу үшін барлық бөлімшелерді мүмкіндігінше тезірек қайта ашу. Бұған қосымша біздің барлық өнімдеріміз бен қызметтеріміз Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді", - деп атап өтті ол.

Бөлімшелер сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін стандартты кесте бойынша жұмыс істейді. Алдағы уақытта басқа бөлімшелер де жұмысын жалғастырады. Жақын жердегі бөлімшенің істеп тұрғанын Kaspi.kz супер қосымшасындағы KaspiMaps қызметімен тексеруге болады.

13 қаңтарда өз жұмысын жалғастырған  филиалдар мыналар:

  1. Нұр-Сұлтан – 12 филиал;
  2. Алматы – 1;
  3. Қызылорда – 1;
  4. Көкшетау – 1;
  5. Петропавл – 2;
  6. Орал – 3;
  7. Шымкент – 5;
  8. Қарағанды ​​– 5;
  9. Жезқазған – 1;
  10. Сәтбаев – 1;
  11. Семей – 2;
  12. Өскемен – 4;
  13. Атырау – 5;
  14. Құлсары – 2;
  15. Қостанай – 5;
  16. Павлодар – 3;
  17. Ақтөбе – 5;
  18. Ақтау – 3;
  19. Екібастұз – 1.

Барлық қызметтер Kaspi.kz супер қосымшасында қолжетімді! Бүкіл Қазақстан бойынша Kaspi QR арқылы төлем жасап, коммуналдық қызмет ақысын төлеуге, ұялы телефонды толтыруға және шоттарды төлеуге, ақша аударымдарын жасауға, депозит ашуға, тегін жеткізу арқылы Kaspi.kz-тегі магазинде тауар сатып алуға болады.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер