Home » Жаңалықтар » Польша дінбасылары Гарри Поттер туралы кітаптарды жағып жіберді

Польша дінбасылары Гарри Поттер туралы кітаптарды жағып жіберді

Польша солтүстігіндегі Кошалин қаласында католик дінбасылары көпшілік алдында сиқыршы бала Гарри Поттер туралы жазған жазушы Джоан Роулингтің кітаптарын “құдайды қорлау” деп көпшілік алдында жағып жіберді.

Өртелген кітаптардың суреті “Аспаннан хат” қорының Facebook парақшасында жарияланды. Дінбасының қасында балалар тұр. Жанған кітаптар туралы жазбада қор “сиқыр Библияға қайшы” деп, Киелі кітаптағы сиқыр туралы сөздерді келтіреді.

Бұл акцияны қолданушылардың бәрі бірдей қолдай қойған жоқ. Кейбірі “Гарри Поттердің атын атап, ешкімнің әлі қылмыс жасамағанын” жазса, басқалары мұны Германия нацистерінің 1930 жылдары кітап өртеуіне ұқсатқан.

“Аспаннан хат” қоры Библияны және басқа да христиан кітаптаптарын таратып, әйгілендірумен айналысады.

“Азаттық” радиосы

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Таразда Әнұранды бір мезетте 6 мыңнан астам адам орындады

Маусым айының төртінші жұлдызында Тараздық жастар Мемлекеттік рәміздер күні авто және мотошеру өткізді.  Олар Қазақстан ...