Home » Жаңалықтар » Мәдина Әбілқасымова доллардың неге қымбаттап жатқанын түсіндірді

Мәдина Әбілқасымова доллардың неге қымбаттап жатқанын түсіндірді

Ұлттық банк төрағасының орынбасары елде кезекті девальвация бола ма деген сұраққа жауап берді

 Соңғы күндері доллар бағамының өсуі әлемдік нарықтағы мұнай бағасымен байланысты. Бұл туралы ұлттық банк төрағасының орынбасары Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстантілшісі.

Оның айтуынша, ұлттық банк 3 маусымда кезекті болжамдық раунд өткізіп, базалық мөлшерлемені сол күйінде – 9% деңгейінде қалдырған.

“Қазір теңгенің еркін айырбас бағамы режимі аясында валютаның өзгерісі болып жатыр. Бұл, ең алдымен, мұнай бағасына байланысты. Әлемнің ірі экономикалары арасындағы сауда текетіресінің күшеюінен әлемдік нарықтарда Brent маркалы мұнайдың бағасы түскенін көріп отырмыз. Тиісінше, бұл дамып жатқан нарықтардың валюталарына әсер етіп жатыр”, – деді ол мәжіліс кулуарында.

Осы орайда БАҚ өкілдері Әбілқасымовадан елде кезекті девальвация бола ма деп сұрады. Ол теңге бағамы айтарлықтай құбылса, ұлттық банк тиісті шаралар қабылдайтынына сендірді.

“Айырбас бағамы айтарлықтай құбылған жағдайда ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуге құқылы. Біз жағдайды мұқият бақылап отырмыз”, – деді ол.

Айта кетсек, қазір валюта айырбастау пунктерінде бір доллар 384-386 теңгеге сатылып жатыр.

 Sputnik.

Пікір жазу

Почта жарияланбайды. Таңдаулы өрісті толтырыңыз *

*

x

Check Also

Таразда Әнұранды бір мезетте 6 мыңнан астам адам орындады

Маусым айының төртінші жұлдызында Тараздық жастар Мемлекеттік рәміздер күні авто және мотошеру өткізді.  Олар Қазақстан ...