Home » Айдарлар » Жеті қазына (page 4)

Жеті қазына

Қазіргі құс салу думандарына көңілім толмайды

Тілеуқабыл ЕСЕНБЕК, «Құсбегі» халықаралық мектеп-орталығының директоры, кәсіпкер:   – Тілеуқабыл аға, Тәуелсіздіктің ал­ғашқы жылдарында ұмытылып бара жатқан бүркітшілік өнерді қайта қолға алып, бабалардан қалған құс салу өне­рін жандандырған мамандардың бірі өзіңізсіз. Жалпы, осы өнерді, осы кәсіпті қолға алуыңызға не себеп болды? – Мен өзім Қарағанды облысында туып-өстім. Балалық шағымның бәрі сонда өтті. Сол кішкене күнімізде туып-өскен өлкемдегі Қотырқызыл деген тауда құстас ...

Read More »

Тазы мен төбет неге тасада қала береді?

Бірде Алматыда иттер көрмесі өткен еді. Оған тіпті Ұлыбританияның сарапшылары қатысқан болатын. Өйткені көрмеде бағы жанған мықтылар халықаралық байқауға жолдама алған екен. Сайысқа қатысқан иттер арасында — неміс овчаркасы, американ ротвейлері, француз бульдогы, орыс спаниелі — бәрі-бәрі болды. Алайда бұл көрмеден әдеттегідей ешкім де қазақтың ұлттық құндылықтары — тазы мен төбетті көре алмады. Себеп — көрмеге тек халықаралық кинологиялық қауымдастық ...

Read More »

Жылқы қазақтың киесі

Атам заманда қолға үйретіліп, адамзат баласының қажетіне жаратқан жылқы түлігі көшпенділердің ең қасиетті, ең қадірлі малы. Көшпенділерді жылқы малынсыз елестету мүмкін емес. Сондықтан да көшпенділер мен жылқы түлігі егіз ұғымдай қосарланып айтылған. Тіпті көшпенділер қауымын «аттылар әулеті» деп те бекерден бекер айта салмаса керек. Өйткені, ұланғайыр даланың, ұлан байтақ өлкенің ұлы тұрғындарының тыныс-тіршілігі, өмір-салты, өнер-білімі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, салтанаты, бір сөзбен ...

Read More »

Тұяқты тұяқ жібермейді

Есімізде әлі. Мақаншының бағына біткен қос көк ат болды. «Арқалды» совхозының атынан сынға түсіп, олжа салған жануарлар жыл он екі ай бабында болатын. Көк жорғаны көсілтіп мінетін Н.Қаспақов, тіпті асфальт үстінде су төгілмейтін жүрісімен жұртты тәнті ететін. Зекеннің көгі қысы-жазы жегінде жүрсе де, жарыс кезінде алдына жүйрік түсірмейтін. Зекен ата ізін бағып, бабынан бір жаңылмайтын аттың табиғатынан сыр шертуін өтініп барғанымыз ...

Read More »

Тарбаған қайда бармаған десеңізші, мына жалпақ жер үстінде

СУЫР – «ҚҰРМЕТТІ КЕНШІ»Қарағанды қаласын араласаңыз, ертеректе қойылғаны мен кейін орнатылғаны бар бірталай ескерткішті көресіз. Ел тарихы мен сол тарихқа қатысты тұлғалары мәрмәр, қола, тіпті пластик арқылы түрлі пішінде, алуан кескінде алдан шығады. Өндірісті қалаға ғана тән пейзаж ішінде суыр да жүр.Қазақ даласының қақ ортасындағы қара қазандай Қарағандыңызда тұрған, еңбек еткен жазармандар қатарынанбыз. Ақын Жұмекен Нәжімеденовтің жас кезінде осында көмір ...

Read More »

Жылқы жайлы жөн-жосық

Есен-саулығын «мал-жан аман ба» деп бастайтын қазақ үшін төрт түліктің орны бөлек. Төрт құбыласы сай болғанын қалайтын әр қазақтың тұрмысы ежелден-ақ төрт түлікпен тығыз байланысты болған. Сондықтан да бұрынғы қазақтардың төрт түлік туралы күнделікті тіршіліктен түйгені сол туралы зерттеп жүрген ешбір ғалымнан кем соқпайтын. Малдың сүтін ішіп, етін жеп, терісінен тон илеп, жүнінен киім тоқыған қазақтарда төрт түлік туралы атаулар ...

Read More »

Жаяудың аты – шарық, күші – азық

 Аттың өз әбзелі ер-тұрманның жылқы терісі­нен жасалатынын білеміз. Жалы мен құйрығы көшпенді тұрмысқа аса қажетті арқан-жіптен бастап, киіз үйдің бау-шуына дейін пайдаланылады. Бұдан бөлек жылқы терісі қазақтың қандай кәдесіне жараған екен? Құлын мен тайдың терісінен қазақтың ең бағалы, асыл киімдері – жарғақ пен тайжақы тігілген. Х.Арғынбаев жарғақтарды екіге бөледі: тақыр жарғақ және құлын жар­ғақ. Жарғақ тай терісінен иленіп, сырты кесте­леніп ...

Read More »

Жылқыға алғаш жүген салған қазақ екенін әлем мойындаса да, өзіміз сенбейтін секілдіміз…

Жылқы алғаш қазақ даласында қолға үйретілгенін әлем ғалымдары мойындап отыр және жабайы жылқы тарихшылар ойлағаннан екі ғасыр бұрын ауыздықталған екен. Бұған Қызылжар өңірін­дегі Ботай қонысында жүр­гізіл­ген қазба жұмыстары кезінде табылған заттар айғақ. Сенсациялық жаңалық осыдан бірнеше жыл бұрын баспасөзді біраз дүрліктірген болатын. Бірақ әдеттегідей бұл жолы да мақтанудан ары көп асып кете алмадық. Жылқыны ерттеп мінген кезеңнен адамзат тарихында төңкеріс ...

Read More »

Қымызды – Германиядан, қазыны Канададан таситын күйге түскеніміз бе?

Күні кеше Канаданың азық-түлік инспекциясының  директоры Луиза Карьер Кеден одағы елдеріне жылқы етін тасымалдауға ықыласты екендіктерін жеткізді. Қазірде бұл ұсынысқа бірінші болып Қазақстан тарабының қызығушылық танытып отырғаны белгілі болды. Сол-ақ екен, еліміздегі біраз қауым «Қазақтың дастарқанынан канадалық жылқы еті орын алса, өз өніміміз өгейсіп қалады» деп өрекпіп отыр. Жалпы дерекке жүгінсек, бүгінде біздің елімізде 1,5 млн бас жылқы бар. Жан басына ...

Read More »